Елімізде баспанаға мұқтаж жандардың үлесі 14 пайызды құрайды, деп хабарлайды baribar.kz Ranking.kz-ке сілтеп.
Былтырғы жылы баспанаға мұқтаждардың саны 2,5 млн адамға жеткен. БҰҰ баспана стандарттарына жету үшін Қазақстан 2030 жылға дейін тұрғын үй қорын екі есе ұлғайтуы керек.
2017 жылдың қаңтарынан бастап 6,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Халықты баспанамен қамтамасыз етудің маңызды құралы ретінде тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарту мен мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті ынталандыру шараларын атауға болады.
Дегенмен 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде тұрғын үй құрылысындағы жеке инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға немесе 22 млрд теңгеге қысқарып, 352 млрд теңгені құрады. Ал бюджеттік инвестиция 95%-ға ұлғайып, 73 млрд теңгеге жетті.