Елімізде 2,77 млн-нан астам бала стоматологиялық қызметті тегін алды

527

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында емдеу құны 8 млрд теңгені құраған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елімізде 2,77 млн-нан астам бала стоматологиялық қызметті тегін алды Фото: pandaland.kz

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жеңілдікке ие санаттың біріне жатады. 

Олар МӘМС есебінен жоспарлы және шұғыл түрдегі стоматологиялық көмекті алуға құқылы. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2022 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша балаларға 2,77 млн-нан астам стоматологиялық қызмет көрсеткен. Балалардың мүддесін қорғау және құқықтарын қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі.

2022 жылды Президенті "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған байланысты елімізде түрлі пайдалы жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Медициналық ұйымдармен және басқа да мүдделі құрылымдармен бірлесіп балаларға профилактикалық стоматологиялық тексерулер жүргізген. Бұл ретте 18 жасқа дейінгі интернаттар, балалар үйлерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілеріне, аз қамтылған отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлінді.

"Қазір балалардың көбінде тістің жетілуіне қатысты ақаулар кездеседі. Әсіресе, пульпит жиі ұшырасады. Тістің кеш пайда болатын жағдайлары жиі кездеседі, тістер қисық өседі. Мұның бәріне ата-ананың балаға қатты тамақ бермеуі себеп. Бала алма, сәбіз, печенье, құрт, ет сияқты қатты тағамдарды қаншалықты көп тістесе, оның тістері соғұрлым жақсы болады. Ата-аналар көбінесе балаларға жұмсақ тамақ береді. Балалар пюре, йогурт секілді тағамдарды шайнамай жұтады. Бұл тіс-жақ жүйесінің дамуына зиянын тигізеді. Сонымен қатар балалар фаст-фуд, тез дайындалатын тағам, газдалған тәтті сусындарды жақсы көреді. Бұлар тістің ерте бұзылуына әкеледі. Сондықтан баланың сау тістері ұзақ сақталуы үшін кішкентайынан дұрыс күтім керек", – дейді стоматолог дәрігер Айнұр Нұрғалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу