Біріншісі кезең – 2025 жылғы 25 наурыздан 25 мамырға дейін жалғасады, осы уақыт аралығында елге әкелінген, бірақ әлі іске қосылмаған немесе сатылмаған мобильді құрылғыларды заңдастыру тетігі жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков верификациялаудың бірінші кезеңі туралы айтып берді.
Басты цифрлық құрал – мобильді құрылғыларды тіркеуді, сәйкестендіруді және олардың статусын бақылауды қамтамасыз ететін kz-imei.kz порталы іске қосылды.
"Сәйкестендіруді енгізу туралы бұйрыққа енгізілген өзгерістер күшіне енген сәттен бастап 3 миллионнан астам құрылғы верификацияланды. Бүгінгі күні порталда 4771 пайдаланушы тіркелген. Сәйкестендіру белсенді түрде жалғасуда. Портал жұмыс істеп тұр, жүктемені көтере алады", – деді Дамир Сейсембеков.
Бұл уақыт ресми өкілдер, әртүрлі жеке кәсіпкерлер елге әкелінген телефондар туралы ақпараты порталға енгізуі үшін берілді.