Елімізде 2 саяси партия тіркеуден өте алмаған

234

"Алға Қазақстан" және "Халық дербестігі" партияларының құжаттары дұрыс болмады.

Елімізде 2 саяси партия тіркеуден өте алмаған Фото: baq.kz

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында еліміздегі саяси партияларға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство өкілінің дерегінше, елімізде ресми түрде 7 саяси партия тіркелген. 

"Бүгінде Әділет министрлігінде саяси партиялардың өтініштері қаралып жатқан жоқ. Жыл басынан бері министрлікке саяси партияны құру туралы үш хабарлама келіп түсті. Олардың бәрі қаралды. "Yntymaq" партиясы қолдау тапты. Екі партияның тіркеу туралы хабарламасына рұқсат берілмеді, себебі құжаттары дұрыс емес. Бұл "Алға Қазақстан" және "Халық дербестігі" партиялары", - деп жауап берді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу