Елімізде 20 780 адам короновируспен ауырып жатыр

796

ДСМ-ның 2021 жылдың 23 ақпанындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

Елімізде 20 780 адам короновируспен ауырып жатыр

23 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 780 адам короновирус инфекциясынан (13 369 КВИ+ және 7 411 КВИ-) емделуде. Бұл туралы inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.

Пациенттердің 4 638-і стационарда, 16 097-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 245 адамның жағдайы ауыр, 55 пациенттің жағдайы өте ауыр, 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, өткен тәулікте тағы 692 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша бүгінге дейін елімізде індет жұқтырғандар саны 208809 адамға жетті. Олардың 192733-і жазылып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу