Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

308

Өңірлерде егін жинау науқаны жалғасып жатыр.  

Елімізде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды Фото: akorda.kz

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы жиналды. Нәтижесінде 19,8 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 229,2 центнер өнімділікпен 2,4 млн тонна картоп және гектарына 303,1 центнер өнімділікпен 3,2 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 324 ц/га өнімділікпен 427,5 мың тонна қырыққабат, 429 ц/га өнімділікпен 897,4 мың тонна пияз, сондай-ақ 286,8 ц/га өнімділікпен 328,5 мың тонна сәбіз жиналды.

"Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сай мерзімде жүргізіліп жатыр", – деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу