20 мың автобус міндетті техникалық тексерістен өтпеген

791

20 мың автобус міндетті техникалық тексерістен өтпеген

Қазақстанда қалааралық бағыттар бойынша жолаушы тасымалдайтын 62 мың автобус бар. Өкінішке қарай, аталған автобустардың 20 мыңы міндетті техникалық тексерістен өтпеген, деп хабарлайды abctv.kz.

Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутованың айтуынша, тексерудің қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталған. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, төтенше жағдай кезіндегі апаттық люкты ашатын құралдардың болмауы, автобустарды қайта жабдықтау, тахографты қолданбау, жолаушыларды техникалық және медициналық бақылаусыз тасымалдау, тиісті санатсыз көлікті басқару секілді заң бұзушылықтар жиі орын алады екен.
Деректерге сүйенсек, жолаушылар тасымалдайтын қалааралық автобустардың қатысуымен жыл сайын орташа есеппен 120 жол-көлік оқиғасы тіркеледі екен. Салдарынан шамамен 70 адам мерт болып, 370 адам түрлі дене жарақатын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу