Елімізде 2016 жылғы қазанда халық 304,0 млн АҚШ долларын сатып алған

1089

Елімізде 2016 жылғы қазанда халық 304,0 млн АҚШ долларын сатып алған

2016 жылғы қазанда халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі 304,0 млн АҚШ долларын құрады. 2016 жылғы тамыздағы маусымдық күрт өсуінен кейін шетел валютасына деген сұраныс қазанда төмендеді. Қыркүйекпен салыстырғанда халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алуы 6,6%-ға қысқарды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Тұтастай алғанда ағымдағы жыл халықтың қолма-қол АҚШ долларын сатып алу көлемінің айтарлықтай төмендеуімен сипатталады. Мәселен, өткен жылдың қазанымен салыстырғанда көрсетілген шетел валютасын нетто-сатып алу көлемі 40,1%-ға, ал 2014 жылғы қазанмен салыстырғанда 84,0%-ға қысқарды.

2016 жылғы 10 айда АҚШ долларын нетто-сатып алу 2015 жылғы қаңтар-қазандағы көлемнен 10,5 еседен аса аз болды, бұл 2001 жылдан бергі бүкіл бақылау кезеңіндегі ең төмен көрсеткіш болып табылады. Халықтың АҚШ долларын жалпы сату көлемі соңғы 5-6 жылдағы орташа деңгейде, ал халықтың АҚШ долларын жиынтық сатып алу көлемі екі еседен аса азайды. Осылайша, халықтың қолма-қол АҚШ долларына деген сұранысының төмендеу үрдісі жалғасуда.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу