Елімізде 2017 жылғы маусымнан бастап ескі жүк көліктері қабылдана бастайды

769

Елімізде 2017 жылғы маусымнан бастап ескі жүк көліктері қабылдана бастайды

Елімізде биылғы маусым айында залалсыздандыру бағдарламасы бойынша жүк көліктерін қабылдау басталады, деп хабарлады  өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторының баспасөз қызметі.

"ӨКМ операторы" жинау пунктері ескі көліктерді және  2017 жылдың маусымына жоспарланғандай жүк көліктерін қабылдауға дайындалып жатыр", – делінген таратылған хабарламада.

Компанияның айтуынша, қазіргі таңда еліміздің энергетика министрлігі "ӨКМ операторының  одан әрі залалсыздандыру үшін 2017  жылы  істен шыққан 40 мың көлік құралын қабылдау туралы ұсынысын қарап жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, 2017 жылдың  1 ақпанынан бастап "ӨКМ операторының" жинау пунктері  жаңа өндірістік кезеңге көшеді. Бұдан былай оларға көліктерді жинастырумен ғана айналыспай,  одан әрі экологиялық залалсыздандыруға арнайы сертификат беру қолға алынды.  Көлікті тасымалдау үшін  экологиялық қауіпсіз етіп дайындау және одан әрі залалсыздандыру үшін  олар аккумуляторын, дөңгелектерін шешіліп, техникалық сұйықтықтарын құйып алынатын болады.

Қазақстан азаматтары  пайдаланудан шығып қалған  көлік құралдарын тапсыруды ынталандыру бағдарлама аясында  5,5 мыңнан астам көлікті залалсыздандыруға тапсырды. Бағдарламаға қатысушыларға 849 млн 138 мың теңге ақшалай өтемақы төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу