Елімізде 2022-2026 жылдарға арналған энергия үнемдеу жөніндегі жол картасы әзірленеді

1242

Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Елімізде 2022-2026 жылдарға арналған энергия үнемдеу жөніндегі жол картасы әзірленеді

"Жасыл экономикаға" көшудің негізгі бағыттарының бірі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі тұжырымдамасында еліміздің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2025 жылға қарай 25%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға төмендету міндеті қойылды. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 21,6%-ға азайтылды. 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректеріне сәйкес, еліміздің ЖІӨ энергия сыйымдылығы Қытайдың көрсеткішінен 1,5 есе, ЭЫДҰ елдерінен 4 есе жоғары, ал ТМД елдерінің арасында біз 3-орындамыз.

"Қазіргі уақытта энергия үнемдеу жүйесінде 2 негізгі бағыт жұмыс істейді, бұл Мемлекеттік энергетикалық тізілім және Энергия тиімділігі картасы.
Бүгінде мемлекеттік энергетикалық тізілімге 20 мыңнан астам ұйым кіреді. Тізілім аясында шамамен 1 500 субъект энергоаудит жүргізіп, іс-шаралар енгізді. 
Энергия тиімділігі картасы аясында 149 жоба  іске асырылуда. Энергия үнемдеу саласына инвестициялар тарту үшін көшені жарықтандыру жағдайы бойынша деректер базасы дайындалды, энергия тиімді жабдықтарды отандық өндірушілерінің тізілімі, сондай-ақ энергия сервистік компаниялардың тізілімі қалыптастырылды", - деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу