Елімізде 2025 жылға дейін 20-дан астам су қоймасы салынады

1090

Елімізде 2025 жылға дейін 20-дан астам су қоймасы салынады

2017-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес, 22 жаңа су қоймасы салынады, деп мәлім етті ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазды.

"Су ресурстарын және  жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін жағдай жасау міндеттері аясында апаттық жағдайдағы  41 су шаруашылығы жүйесі мен гидротехникалық имарат қайта жаңғырту және 22 жаңа су қоймасын салу, сондай-ақ ирригациялық және құрғату жүйелері инфрақұрылымы қалпына келтіру жоспарланған", – деп хабарлады ол Астанада үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мұндай шаралар  600 мың гектардан астам тұрақты суарылатын жерді айналымға енгізу жөнінде мемлекет басшысы берген тапсырмағаны орындап,  2021 жылға қарай оның көлемін 2 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу