Қазақстанда 2026 жылға дейін басталған тұрғын үй құрылыстары ҚҚС-тен босатылады

96

Егер үйдің құрылысы 2025 жылы басталып, нысан 2026 жылы пайдалануға берілсе де, ҚҚС салынбайды.  

Қазақстанда 2026 жылға дейін басталған тұрғын үй құрылыстары ҚҚС-тен босатылады Фото: gov.kz

Алайда мұндай жеңілдік тек тұрғын үйге қатысты, құрамында коммерциялық бөлігі бар аралас ғимараттар бұл қатарға кірмейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үйге қосылған құн салығын енгізуді қарастырады. Алайда ҚҚС бұрын басталған жобаларға қолданылмайды. Мемлекеттік табыс комитетінің түсіндіруінше, құрылысы 2026 жылға дейін басталған барлық тұрғын үй нысандары ҚҚС-тан толықтай босатылады. Сонымен қатар, сатып алу құқығымен берілетін ұзақ мерзімді жалға алу келісімдері де 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалса, ҚҚС салынбайды.

Сарапшылар ҚҚС енгізілгенімен, тұрғын үй бағасы бірден күрт қымбаттамайды деп отыр. 

Жалпы, 2026 жылға дейін басталған тұрғын үй құрылыстары ҚҚС-тен босатылады, ал жаңа жобалар үшін салық енгізілгеннен кейін баға біртіндеп өзгеруі ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу