Елімізде 2027 жылға қарай электр қуаты тапшылығы туындауы мүмкін

1065

Қазірдің өзінде Қазақстанның Бірыңғай энергия жүйесінде шамамен 1000 МВт мөлшерінде реттеу қуатының жетіспеушілігі байқалады.  

Елімізде 2027 жылға қарай электр қуаты тапшылығы туындауы мүмкін

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында едіміздің электр стансалары 57 325,4 млн.кВтс электр энергиясын өндірді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz "Самұрық-Энерго" АҚ-ның Үкіметпен байланыс және коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Самұрық-Энерго" АҚ Энергия энергия өндіруші ұйымдарының аталған кезеңде 17 891,1 млн.кВтс электр қуатын өндірді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 25,8%-ға артық.

Оның үстіне, жүргізілген талдауларға сүйенсек, елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусымда 2020 жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 6%-ға өскенін байқалады. Мәселен, республиканың солтүстік аймағында тұтыну 6%-ға, оңтүстігінде 10%-ға, ал  батысында 2%-ға өскен.

"ҚР Энергетика министрлігі тарапынан әзірленген 2021-2027 жылдарға арналған электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгеріміне сәйкес, электр энергиясын тұтыну көлемі орташа есеппен жыл сайын 2,4%-ға өседі. Бұған қоса, 2027 жылға қарай шамамен 898 МВт көлеміндегі қажетті резерв ескеріле отырып, электр қуатына деген тапшылық болжануда. Қазірдің өзінде Қазақстан Бірыңғай энергия жүйесінде шамамен 1000 МВт мөлшерінде реттеу қуатының тапшылығы байқалады. Осы міндеттерді шешу мақсатында "Самұрық-Энерго" АҚ жаңа станциялар салу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған станцияларды кеңейту және жаңғыртумен байланысты бірқатар ірі жобаларды іске асыруда", – деп жазылған хабарламада. 

Электр энергиясы мен көмір нарығын талдауда келтірілген деректері бойынша Қазақстанда 2021 жылғы қаңтар-маусымда 52 147,2 мың тонна тас көмір өндірілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1%-ға кем. Оның ішінде "Богатырь Көмір" ЖШС кеніштерінде 22 244 мың тонна көмір өндірілді. Компания осы кезеңде қара отынның 22 517 мың тоннасын сатты, оның ішінде: ҚР ішкі нарығында 18 230 мың тонна, - экспортқа (Ресей) – 4 287 мың тонна сатылды.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК: күн және жел электр станциялары, шағын СЭС, биогаз станциялары) пайдалану нысандарында электр энергиясын өндіру көлемі 2021 жылғы қаңтар-маусымда 2005,5 млн.кВтс құрады. 2020 жылғы қаңтар-маусым айларындағы кезеңмен салыстырғанда (1470 млн. кВтсағ) өсім 1,4%-ды құрады.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу