Елімізде 205 мұнай-газ кен орны игеріліп жатыр – Энергетика вице-министрі

292

Қазақстанда 15 шөгінді бассейн бар. 

Елімізде 205 мұнай-газ кен орны игеріліп жатыр – Энергетика вице-министрі Фото: inbusiness.kz

Сенатор Амангелді Төлемісов отандық мұнай саласының дамуына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заңда (ред. – жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша заң) ірі кен орындары бойынша жобаларға ұлттық компанияның міндетті үлесті қатысуын белгілеу және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу бойынша мемлекеттің басым құқығын қолдануды кеңейту көзделеді. Осы нормаларды іске асыру отандық мұнай саласының дамуына қалай әсер етеді? Жақын немесе орта мерзімді келешекте ірі кен орындарының ашылуы күтілуде ме?", - деді Амангелді Төлемісов.

Сонымен қатар, Сенат депутаты еліміздегі сарқылатын кен орындарының санын сұрады.

"Қазір, бұл – геологиялық барлауды ынталандыруға бағытталған өзгерістер. Өздеріңізге мәлім, шөгінді бассейндерді толығымен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы атлас бекітілді. Бізде 15 шөгінді бассейн бар. Оның ішінде бесеуі игеріліп жатыр, яғни, 10-ында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Осы шөгінді бассейндердің анализі нәтижесінде бізде 76 млрд тонна шартты отын түрінде қорларымыз резерв түрінде бар деп белгіледік. Біз геологиялық қорларды 1 млрд тоннадан кем емес өсіруге болжап отырмыз. Екінші сұраққа келсек, бізде қазір 205 мұнай-газ кен орындары игеріліп жатыр. Соның ішінде 70 пайыз өндірілуі,  85 пайыз сулануы немесе өндіру коэффициенті 0,4-ке тең 20 кен орнын көріп отырмыз", - деп жауап берді Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу