Сондай-ақ, осы үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігі астық жинау науқанының да қорытындысын жасады. Биыл 21,9 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерді құраған. Нәтижесінде, өңірдегі алқаптардың 99,3%-ы жиналып отыр. Өнім былтырғыға қарағанда, 1,1 млн тоннаға артық. Жиналған бидайдың 63%-ы 3-ші санаттағы сұрыпқа тиесілі.
Бұған дейін ведомство экспортты 9 млн тоннаға дейін жеткізуге 2017-2018 жылдарға стратегиялық жоспар құрғанын мәлімдеген болатын. Қазақ астығын алуға қазірдің өзінде Иран, Қытай Орталық Азия және Каспий аймағы елдері ниетті.
Егістік жинау науқаны әлі толық аяқтала қойған жоқ. Бүгінде агро секторда заманауи технология көмегімен дәнді-дақылдар тұқымын жақсарту жұмысы да қолға алынған. Ғылыми-зерттеуге 2018-2020 жылдарға деп 12,6 млрд теңге бөлініп отыр.