Елімізде 23 403 адам короновирустан емделіп жатыр

654

Қазақстандағы коронавирус бойынша 11 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Елімізде 23 403 адам короновирустан емделіп жатыр

Шұғыл штаб өткен тәулікте 692 адамда коронавирус індеті анықталғанын хабарлады.

Аймақтар арасында бас қала – Нұр-Сұлтан мен, Алматыда жаңа жағдайлардың тіркелу көрсеткіші жоғары, елордада – 67, ал екіншісінде – 110 адам.

Өзге де өңірлерге келсек, Шымкент қаласында – 8, Ақмола облысында – 60, Ақтөбе облысында – 3, Алматы облысында – 75, Атырау облысында – 74, Шығыс Қазақстан облысында – 27, Жамбыл облысында – 17, Батыс Қазақстан облысында – 47, Қарағанды облысында – 41, Қостанай облысында – 62, Қызылорда облысында – 6, Павлодар облысында – 23, Солтүстік Қазақстан облысында – 52, Түркістан облысында – 20.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 163711.

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 12 қаңтардағы ақпараты бойынша, қазір 23 403 адам короновирус инфекциясынан (11 499 КВИ+ және 11 904 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 5 711 пациент стационарда, 17 692 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 283 адамның жағдайы ауыр, 57 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу