Елімізде 234 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі

486

2024 жылы баспана кезегінде тұрған әрі халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 7 мыңға жуық адамның тұрғын үй мәселесін шешу жоспарлануда.

Елімізде 234 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіледі Фото: inbusiness.kz

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына 446 млрд теңге бағыттау көзделіп отыр. Бұл туралы Мәжілісте "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында сапалы инфрақұрылымды қалыптастыру аясында 2024 жылға 446 млрд теңге көзделген. Оның ішінде 1 600 тұрғын үйге және 40 мың жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрафрақұрылым жүргізуге және жайластыруға, сондай-ақ 85 км жылу желілерін жаңғыртуға бағытталады. Сумен жабдықтауға халықтың қолжетімділігі бойынша көрсеткішті қалалық жерлерде 99,5%-ға, ауылдарда 97,8%-ға дейін жақсартуға, халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан 7 мыңға жуық кезекте тұрған адамдарға тұрғын үй проблемаларын шешуге мүмкіндік береді", - деді вице-министр.

Бұдан бөлек қаражат кейбір санаттағы 20 мың азаматқа жеке тұрғын үй қорын жалға алғаны үшін төлемді жүзеге асыруға, 234 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізуге де мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу