Елімізде 24 қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды

262

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.  

Елімізде 24 қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстанда жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен 24 қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Операциялар барысында бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде қылмыстық топ жетекшілері ұсталды.

Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу