Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавируспен ауырып жатыр

707

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы ақпараты.

Елімізде 24 мыңнан астам адам коронавируспен ауырып жатыр

"24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 24 126 адам короновирус инфекциясынан (12 181 КВИ+ және 11 945 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 630 пациент стационарда, 19 496 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 231 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр, 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте 754 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Осылайша елімізде індеттің алғашқы жағдайы тіркелгелі бері вирусты  149462 адам жұқтырған. Оның 135063-і жазылып шықты. 2196 адам қайтыс болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу