Елімізде 249 мың 533 медицина қызметкері бар

977

Үстемақы мамандардың жұмыс істеген уақытына сай төленеді. 

Елімізде 249 мың 533 медицина қызметкері бар

Наурыз айындағы жағдай бойынша елімізде 249 тың 533 медицина қызметкері бар. Оның 71 мың 700-і дәрігерлер, 170 мыңы орта медициналық қызметкер, яғни, медбикелер. Қазіргі кезде олардың 17 мыңнан астамы эпидемияға қарсы жұмыстарға қатысқаны үшін үстемақы алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов айтты.

"Наурыз айындағы жағдай бойынша елімізде 249 тың 533 медицина қызметкері бар. Оның 71 мың 700-і – дәрігерлер, 170 мыңы – медбикелер. Ал үстемақы үш түрлі стационарда жұмыс істейтін мамандарға берілді. Олар инфекциялық ауруханалар, індет белгілері бар бірақ диагнозы расталмаған науқастар ем қабылдайтын – правизорлық стационарлар және карантиндік стационарлар. Сонымен қатар алғашқы көмек көрсететін мамандар мен жедел жәрдем қызметі бар", – деді Марат Шоранов. 

Сонымен қатар ол мамандарға үстемақы жұмыс істеген уақытына сай төленетінін атап өтті. 

"Стационар бағыты бойынша арнайы жұмыс істеу уақыты белгіленген. Мәселен, инфекциялық аурухана маманы аптасына 36 сағат жұмыс істеуге тиіс. Ал провизорлық орталық қызметкері 30 сағат, карантиндік орталықтардың қызметкеріне 40 сағат белгіленген", – деді басқарма төрағасының орынбасары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу