Елімізде 25 272 адам коронавирустан емделіп жатыр

858

Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 ақпан 23:59–дағы эпидемиологиялық жағдай.

Елімізде 25 272 адам коронавирустан емделіп жатыр

Шұғыл штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте 1007 адамнан коронавирус анықталған.

Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы – 131, Алматы қаласы – 95, Шымкент қаласы – 20, Ақмола облысы – 87, Ақтөбе облысы – 8, Алматы облысы – 48, Атырау облысы – 21, Шығыс Қазақстан облысы – 75, Жамбыл облысы – 18, Батыс Қазақстан облысы – 87, Қарағанды облысы – 66, Қостанай облысы – 78, Қызылорда облысы – 9, Маңғыстау облысы – 7, Павлодар облысы – 180, Солтүстік Қазақстан облысы – 65, Түркістан облысы – 12.

Осылайша елде COVID-19 тіркелгелі бері вирус 199093 адам ауырып, олардың  180807-і жазылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы бүгінгі ақпаратына сүйенсек, қазір 25 272 адам (15 660 КВИ+ және 9 612 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 318 пациент стационарда, 19 954 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 260 адамның жағдайы ауыр, 48 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу