Елімізде 25 мыңнан астам адам короновирус инфекциясынан емделуде

671

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 1 сәуірдегі ақпарат.

Елімізде 25 мыңнан астам адам короновирус инфекциясынан емделуде

1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 25 156 адам короновирус инфекциясынан (23 481 КВИ+ және 1 675 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 590 пациент стационарда, 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 348 адамның жағдайы ауыр, 83 пациенттің жағдайы өте ауыр, 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатарына тағы 1873 адам қосылғанын хабарлады. Осылайша елде індет тіркелгелі бері оны жұқтырғандардың жалпы саны 246854-ке жетті. Олардың 220313-і жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу