Елімізде 250-ден астам емдеу және диагностика хаттамасы қайта қаралатын болды

569

Биыл ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 250-ден астам емдеу және диагностикалау хаттамасын қайта қарамақшы. Ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінде Ажар Ғиният осындай жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Елімізде 250-ден астам емдеу және диагностика хаттамасы қайта қаралатын болды Фото: gov.kz

"2023 жылы онкологиялық қызметті кешенді түрде жаңғырту жоспарланған. Сондай-ақ, халыққа көрсетілетін мамандандырылған және жоғары технологиялы көмекті жетілдіру үшін 250-ден астам емдеу және диагностикалау хаттамасын қайта қарау көзделіп отыр", - деді Ажар Ғиният.

Бұл хаттамалар әсіресе жүрек-қантамыр жүйесі, онкологиялық аурулар сияқты дерттерге қатысты болмақ.

"Осының арқасында науқастарды емдеу тактикасын халықаралық, жалпы қолданыстағы стандарттарға мейлінше жақындатуға болады", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу