Елімізде 254 мың жас жұмыссыз жүр

1378

Жастардың 7,2%-ы жұмыссыз әрі білімсіз. 

Елімізде 254 мың жас жұмыссыз жүр

Жоғары біліммен қамтылмаған, жұмысы жоқ жастарға қатысты "NEET жастар" жастар деген термин бар.  Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сол санатқа жататын жастар туралы ақпарат берді.

"Қазақстанда жұмысы жоқ, ешқандай оқуға түспеген жастардың үлесі – 7,2%. Бұл 254 мың адам деген сөз және 2018 жылғы көрсеткіштен 0,5% аз. Жыл соңына дейін бос жүрген жастардың үлесін 1%-ға азайту көзделген. Түпкі мақсатымыз – 2021 жылы бұл көрсеткіштің 6%-ға азайту", – деді министр.

Дәурен Абаев бұл санның өте жоғары екенін атады. Оның айтуынша, бос жүрген жастардың 52 мыңын үй шаруасына байланған, қамқорлығында туысы бар жастар мен бала күтіміндегі аналар құрап отыр. 33 мың жас денсаулығына байланысты еңбектен қағылған.

"Олардың көбі мемлекеттен жәрдемақы алып отыр", – деді водемство басшысы.

Экономикалық әріктестік және даму ұйымына кіретін елдерде жұмыссыз жігіттердің орташа үлесі 2018 жылы 10,5% болса, жас қыздардың 15,6%-ы жұмыссыз болған.

Дана Карина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу