Елімізде 27 348 адам короновирустан емделіп жатыр

866

ДСМ-нің коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 28 қаңтардағы ақпараты.

Елімізде 27 348 адам короновирустан емделіп жатыр

"28 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 348 адам короновирус инфекциясынан (15 690 КВИ+ және 11 658 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 525 пациент стационарда, 20 823 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 274 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр, 34 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған ДСМ-нің бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте тағы 1413 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Осылайша елде індет тіркелгелі бері вирус жұқтырғандар саны 182530-ге жетіп отыр. Олардың 164319-ы жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу