Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов жер деградациясы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда шамамен 30 млн гектар жер деградацияға ұшыраған. Оның ішінде 5 млн гектар – су эрозиясына, 25 млн гектар – жел эрозиясына ұшыраған. Сонымен қатар, елімізде 27 млн гектар тапталған жайылым бар", – деді АШМ өкілі.
Жер деградациясымен жүйелі күрес мәселелерін шешу мақсатында Жер ресурстарын басқару комитетінің жанынан "Жерлерге зерттеп қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" негізінде "бірыңғай топырақ кластері қызметі құрылған.
Бұдан бөлек 205 миллион гектар аумаққа цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау аяқталған.
Мұрат Теміржанов жерлердің деградациясы мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты.