Елімізде 27 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді

572

Олар қызметін арнайы лицензия арқылы жүзеге асырады.

Елімізде 27 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді Фото: inbusiness.kz

Рұқсат құжатын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі береді. Бұл туралы агенттіктің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директордың орынбасары Сағи Әжібек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстанда бүгінде 27 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Олардың қызметтеріне лицензия беріледі. Яғни, олар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің рұқсатымен ғана жұмыс істей алады. Агенттіктің ресми сайтында сақтандыру компанияларының тізімі көрсетілген", - деді ол тілшінің сауалына берген жауабында.

Еске салайық, осыған дейін сақтандыру компанияларының активтері 13 пайызға артқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу