Елімізде 27 зауыт салынып жатыр

1279

Алдағы 3 жылда импорттық тауарлардың үлесі 10%-ға қысқарады.

Елімізде 27 зауыт салынып жатыр

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры оfftake-шарт негізінде отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа форматын жүзеге асырып жатқанын жариялады. 

Осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған жоба отандық өндірушілерге кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырыс қабылдауға мүмкіндік береді.

Басты шарт – бизнес өкілі елімізде бұрын-соңды шығарылмаған немесе ерекше сұранысқа ие өнім өндіруге тиіс.

"Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС талдау және маркетинг департаментінің директоры Ербол Бековтің мәлімдеуінше, 2018 жылдан бері құны 9,2 млрд теңгені құрайтын оfftake-шарт рәсімделген. 2018-2019 жылдары инвестицияның жалпы көлемі 215 млрд теңгені құраған. 
Белгілі болғандай, 2020-2021 жылдар аралығында елімізде 27 зауыт салынып, 1500-ден аса жаңа жұмыс орны ашылады. Жаңа өндіріс орындарында теміржол мен мұнай саласына қажетті құрал-жабдықтар өндіріледі. Сәйкесінше алдағы 3 жылда импорттық тауарлардың үлесі 10%-ға қысқарады. Айта кетейік, бүгінгі таңда ел аумағында 255 млрд теңгенің импорттық тауары бар. 

"Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директорының орынбасары Теміржан Әбдірахманов сөзінше, қазір импортты алмастыру бағдарламасы аясында өндірушілерге техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру кезінде ұлттық стандарттарды міндетті түрде пайдалану талабы қойылып жатыр 

"Сатып алу шарттары бойынша төлем жасаудың мерзімі 30 жұмыс күнінен 20 жұмыс күніне дейін қысқартылды және импортты алмастыру мен  жергілікті қамтуды дамыту бойынша орталық жобалау кеңсесі құрылды. Оған қордың, еншілес компаниялардың, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қоғамдық бірлестіктердің сонымен қатар даму институттарының сарапшылары топтастырылды", – деді Теміржан Әбдірахманов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу