Елімізде 28 миллиард тонна өндірілген мұнай қоры бар

777

Елімізде 28 миллиард тонна өндірілген мұнай қоры бар

Елімізде өндірілген мұнай қоры 28 млрд тоннаға бағаланды. Бұл туралы "Қазақстан мұнайшы-геологтары" қоғамының вице-президенті Қосан Тасқынбаев айтты, деп хабарлайды abctv.kz.
Вице-президенттің сөзіне сүйенсек, бүгінде 4,5 миллиард тонна мұнай қоры табылып, өндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Каспий аймағы елдері ішіндегі жетекші мұнай өндірушілер мен экспорттаушылардың қатарына қосылды. Бүгінде Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемнің үздік 15 елінің тізімінде. 
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мұнай-газ саласы бұрынғыдан да белсенді қолға алынды. Осылайша мемлекеттің экономикалық жағдайын жақсартуда жетекші рөл атқарады. Егер 1991 жылы Атырау облысында 3,7 миллион тонна мұнай және 0,7 миллиард текше метр ілеспе газ алынған болса, 26 жыл ішінде Атырау облысында мұнай өндіру деңгейі тоғыз есеге артып, жылына 34 миллион тоннаға дейін жетті. 
2017 жылы 34663,5 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 127,5% артық. Сондай-ақ былтыр 17081,8 млн текше метр ілеспе мұнай газы артық (136,1%) өндiрілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу