Елімізде 28 мың адам пневмониямен ауырып жатыр

898

Науқастардың 98,9%-ының жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. 

Елімізде 28 мың адам пневмониямен ауырып жатыр

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы елімізде пневмониямен ауырып жатқандардың статистикасына тоқталды. 

"Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгінде елімізде  стационарларда ПТР-тест нәтижесі теріс, бірақ пневмонияға шалдыққан 28 мың пациент ем алуда. Науқастардың 98,9%-ының жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр. Одан басқа стационарларда КВИ бойынша ПТР-тест нәтижесі теріс ЖРВИ немесе басқа тұмау аурулары бар 4 мыңнан астам адам ем қабылдауда", – деді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Ажар Ғиниятқызының сөзінше бүгінгі таңда науқастарды емдеуге 46 мың медицина маманы жұмылдырылған. Олардың қатарында интерн-дәрігерлері мен медицина факультетінің жоғары курс студенттері бар. 

"Жеке клиникалардың ұжымдары мен жиналыс ұйымдастырылды. Олар да бізді қолдауда. Сондықтан Медициналық сақтандыру қорымен келесімшартқа отырып, бізге көмектеседі", – деді вице-министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу