Елімізде 3,1 миллионнан астам оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған

277

Жалпы, 2026 жылға дейін 50 жаңа орталық пайдалануға беріледі.

Елімізде 3,1 миллионнан астам оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған Фото: Фото: pixabay.com

Елімізде әр түрлі санаттағы мектеп жасындағы 3,1 млн-нан астам бала жазғы демалысын тиімді өткізе алады, бұл жалпы оқушылардың 88%-дан астамы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда 11 мыңнан астам лагерь балаларды қабылдауға әзір тұр. Балалар мен олардың ата-аналары үшін қолжетімді сауықтыру бағдарламалары, орналасу шарттары мен қауіпсіздік ережелері туралы пайдалы ақпарат қамтылған "Балаларға базарлық" және "Қауіпсіз жаз" ақпараттық пакеті дайындалды. Сонымен қатар өңірлерде жаңадан 5 сауықтыру орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 2026 жылға дейін 50 жаңа орталық пайдалануға беріледі", - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Естеріңізге сала кетейік, уәкілетті мемлекеттік органдармен балаларды сауықтыру орталықтарының тізілімі бекітілді. ІІМ, ДСМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ, ҒЖБМ, ЕХӘҚМ және ЭТРМ-мен бірлесіп заңнамалық нормаларды, бағдарламаларды, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды қамтитын іс-шаралар жоспары қабылданды. Биыл алғаш рет лагерьлердің барлық түрі үшін бірыңғай талаптар әзірленді, қосымша білім беру волонтерлері мен педагогтері лагерь жұмысына тартылды, лагерьлерді қабылдау мен нұсқамалық өткізудің республикалық мониторингі құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу