Елімізде 3 заманауи ет комбинаты іске қосылады

1136

Құс етінің импорты 39%-ға түседі. 

Елімізде 3 заманауи ет комбинаты іске қосылады

Дағдарыстан кейінгі кезеңде елімізде ет өндірісінің жанданатын түрі бар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есептік кездесуде министр Сапархан Омаров осы мәселеге кеңінен тоқталды.

"Ағымдағы жылы мал шаруашылығын дамытуға жағдай жасау үшін қосымша шаралар қабылданатын болады. Мәселен, 88 мың тонна құс етін өндіретін 8 құс фабрикасы іске қосылады. Бұл импорт үлесін 44%-дан 39%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 114 мың тонна шикі сүт өндіретін 25 өнеркәсіптік және 30 отбасылық тауарлы сүт фермасын салу жоспарланған.

Ірі қара және ұсақ мал сатып алуға шағын фермерлік қожалықтар құру мен дамытуды қаржыландыру басталып кетті. Яғни, ет кластері үшін шикізат базасын дамытудың іргетасы қаланады. Ет өңдеу секторында жалпы қуаттылығы 45 мың тонна болатын 3 заманауи ет өңдеу комбинаты іске қосылады. Осы шаралар есебінен мал шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2,6 трлн теңгеге дейін көзделген", –  деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу