Бұл мәжілісмен Ерсұлтан Бектұрғановтың мәлімдемесі, деп хабарлайды Atameken Business.
Келтірген дәйегіне қарағанда, соңғы 3 жылда Қазақстанда 5 мыңнан астам темір тұлпар қолды болыпты. Бірақ полиция соның тек 2 мыңға жуығын ғана тауып, иесіне қайтарған. Депутат авто-барымташылардың көбеюіне көлік шанағы мен қозғалтқыш нөмірінің сәйкестігін тексеру процесінің тоқтатылуы мүмкіндік беріп отыр деп есептейді. Сондықтан ол үкіметке бұл жүйені қайта қолға алуды ұсынды. Бірақ бастаманы Тәуелсіз автомобиль одағы толық қолдай қоймады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу