Елімізде 30 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

590

Соңғы бір тәулікте COVID-19 1747 адамнан анықталып, жұқтырғандардың жалпы саны 381907-ге жетті. 348 428 адам бұл дерттен айыққан.

Елімізде 30 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

"28 мамырдағы мәлімет бойынша, 30 153 адам коронавирус инфекциясынан (29 576 КВИ+ және 577 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда",– деп жазылған ДСМ хабарламасында.

Мәліметке сүйенсек, олардың ішінде 665 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 101 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу