Елімізде 314 мың балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді

178

Қаржыландыру "бір балаға – бір ваучер" қағидаты бойынша беріледі. 

Елімізде 314 мың балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап елімізде қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Біріңғай мемлекеттік тапсырысты орналастырудың пилоттық жобасы Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – оқушыларды шығармашылық, спорттық және білім беру бағытындағы тегін үйірмелер мен секциялармен кеңінен қамту.

"Бүгінгі күні 300 мыңнан астам бала қосымша білімге ваучер алды. Ата-аналар өз балалары үшін үйірмелер мен секцияларға өздері таңдайды. Қажет болған жағдайда олар құжаттарды қайта тапсырмай-ақ, үйірмені өзгерте алады. Бұл ретте ваучер сақталады", – деп атап өтті Тәрбие және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахимберлин.

"Бір балаға – бір ваучер" қағидаты барлық оқушылар үшін тең мүмкіндік жасап, ашықтықты қамтамасыз етеді және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермейді.

Айта кету керек, бұл жоба Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Оқу-ағарту, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу