Елімізде 35 мың адам жұмыссыз қалды

921

Тағы 17 мыңнан астам азамат қысқартылады.

Елімізде 35 мың адам жұмыссыз қалды

Екі бірдей карантиннен кейін екі қолға бір күрек таба алмай сенделіп жүргендер қатары көбейген. Бір жылда 35 мың адам табысынан қағылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Бұл тек ресми мәлімет. Оған қоса, осы айдың соңына дейін тағы 17 мың азамат жұмысынан айырылуы ықтимал екенін айтады Үкімет басшысы.

Жалпы еліміз бойынша осы жылы жұмысынан босап қалғандар қатары 34 пайызға артқан. Бұл өткен жылға қарағанда 75 мыңға артық.

Қызметінен қол үзіп қалғандар әсіресе Алматы қаласы мен Түркістан облысында көп.

Жұмыссыз қалғандар арасында ер адамдар қатары 216,3 мыңды, әйелдер саны 237,7 мыңды құрады. Сондай-ақ зейнетке шықса да жұмыс істеп жүрген қариялар саны 250 мыңға таяу.

Еңбек нарығындағы жағдай, жалақы дауы пандемия кезінде тіпті өршіп кеткен секілді. Карантинді жамылып айлық бермеу заңды ма? Оны уақытында бермеген дұрыс па? Еңбеккерлер өз ақшаларын қалай өндіріп алады? Ол қаншалықты қиын? Осы тақырып айналасында кәсіпкер Айтықан Қалғаева, заңгер Аржан Сәдуақасов, Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бас маманы Гүлден Саутова пікір білдірді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу