9 қарашадағы мәлімет бойынша елімізде 39 705 адам коронавирус инфекциясынан (34 414 КВИ+ және 5 291 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 317 пациент стационарда, 32 388 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 520 адамның жағдайы ауыр, 144 пациенттің жағдайы өте ауыр, 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу