Елімізде 39 мыңнан астам адам банкроттыққа өтініш берген

455

Ең үлкен қарыз сомасы – 282 млн теңге. 

Елімізде 39 мыңнан астам адам банкроттыққа өтініш берген Фото: dknews.kz

Борышкерлердің орташа жасы – 40 жас. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2,5 мыңға жуық өтінім мақұлданып, тексерістен өтіп жатыр.

“Банкрот қатарына қарыз қалдығы кепіл құнының 10%-ынан аспайтын ипотека иелері кіре алады. Бір жылдан бері өз қарыздарының ешқайсысын төлемеген қарыз алушылар ғана үміткер бола алады”, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек олардың жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Құжаттарды электронды үкімет порталында беруге болады: "Азаматтарға" – “Кеден және салықтар" – "Экономика және қаржы".

Аталмыш қызмет түрі EGov мобильді қосымшасындағы “Арнайы қызметтер" бөлімінде қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу