Елімізде 4,5 мың педагог тапшы

656

Астанада жалпыұлттық ата-аналар форумы өтті

Елімізде 4,5 мың педагог тапшы Фото: Ашық дереккөзден

Бүгін елордада "Өзіңді тап – өзегіңе орал" тақырыбында дәстүрлі жалпыұлттық ата-аналар форумы өтті.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі форумға 700-ден астам ата-ана, мемлекет және қоғам қайраткері, танымал ғалымдар, педагогтер мен психологтар қатысқанын хабарлады.

Жиында ұрпақ тәрбиесі мен бала құқығын қорғауға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты маңызды мәселелер талқыланды.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов педагог кадрлардың тапшылығын атап өтті.

"Бүгінде елімізде 4,5 мыңнан астам мұғалім тапшы. Мәселен, бір ғана елорданың өзінде жыл сайын мыңға жуық педагогке зәрулік туындайды. Қазіргі күнде Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Ғылым және жоғары білім министрлігі Астанада жаңа педагогикалық жоғары оқу орнын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр", – деп атап өтті вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу