Биылдан бастап Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz uchet.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, мұндай өзгерістер 2023 жылдың 6 қаңтарында Парламенттің төменгі палатасына берілген Еңбек кодексіне толықтырулар енгізуді көздейтін әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заң жобасында қарастырылған.
"Еңбек кодексіне сәйкес 5 немесе 6 күндік жұмыс аптасы, сонымен қатар ұзақтығы тараптардың келісімі бойынша анықталатын толық емес жұмыс аптасы қарастырылған. Бұл ретте жекелеген өндірістерде әр түрлі апталарда бір мезгілде бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындайды:
- 71-баптың 3 тармағы ("Жұмыс уақыты режимі") мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады: "Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі";
- осыған байланысты 78-баптың 2-тармағы ("Үстеме жұмыстардың шекті саны") 4 күндік, 5 күндік жұмыс аптасына бөлінеді: 2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде – төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында айына 12 сағаттан, жылына 120 сағаттан аспауға тиіс", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, осылайша 84-бапта төрт күндік жұмыс режимінде демалыс күндері белгіленеді.
Бес, алты немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болмақ. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасындағы екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртібінің ережелерінде белгіленеді.
"Заң жобасын әзірлеушілердің сөзінше, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істеудің бір аптасы, төрт күндік жұмыс аптасымен екінші апталық жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді", - делінген ресурс таратқан мәліметте.