Елімізде 4 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды

862

Жыл соңында жұмыссыздықтың болжамды деңгейі 6,1%-ды құрауы мүмкін. 

Елімізде 4 миллионнан астам адам жұмыссыз қалды

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. Оның сөзінше, наурыз-сәуір айларында еңбек нарығындағы ахуал алаңдатарлық жағдайда болған.

"Наурыз-сәуір айларында болжам бойынша табыссыз, жұмыссыз қалған азаматтар саны 4 миллионнан асты. 20 сәуірден бастап карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты бұл көрсеткіш мамыр айында 1 млн адамға дейін төмендеуге тиіс. Үкімет экономиканы жаңғырту, бизнесті қолдау бағытында нақты кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асырып жатыр. Нәтижесінде шілде айынан бастап еңбек нарығындағы жағдайдың тұрақтануға тиіс", – деді Біржан Нұрымбетов. 

Министрдің мәлімдеуінше, жыл соңында жұмыссыздықтың болжамды деңгейі 6,1%-ды құрауы мүмкін. 

"Жалпы, биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шарасына тарту мүмкіндігіміз бар. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 255 мың жұмыс орны құрылады. Бүгінде жол картасына кірген 6,5 мың жобаның 5 300 жобасы басталып, 103 мың жұмыс орнына 91 мың адам тартылды. Оның 35%-ы – жастар", – деді Біржан Нұрымбетов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу