Елімізде 4 мың патронаждық мейіргер қызмет атқарады

115

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті.

Елімізде 4 мың патронаждық мейіргер қызмет атқарады Фото: inbusiness.kz

Соңғы жылдары Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсету жүйесі едәуір нығайып, отбасыға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған сипатқа ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Емханаларда құрамына педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, патронаждық мейіргерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер кіретін мультидисциплинарлық командалар қалыптастырылды. Мұндай тәсіл баланы өмірінің алғашқы күндерінен бастап бақылауға алып, тек медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық көмекті де уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді. 

"Бүгінде еліміз бойынша заманауи патронаж үлгісімен жұмыс істейтін шамамен 4 мың патронаждық мейіргер қызмет атқарады. Бұл бала денсаулығы мен дамуына қатысты қауіптерді ерте анықтауға және профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді", – делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, балалар денсаулығын сақтауда негізгі рөл отбасыға тиесілі.

• Сәбидің қажеттіліктеріне мұқият қарап, қамқорлыққа негізделген орта қалыптастыру;

• ана сүтімен қоректендіруді қолдау және ынталандыру;

• профилактикалық қарап-тексерулерден тұрақты түрде өту;

• ұлттық вакцинациялау күнтізбесін қатаң сақтау сияқты қарапайым, бірақ тиімді қағидаларды сақтау аурулардың қаупін айтарлықтай төмендетіп, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу