Елімізде 4 мыңға жуық адам "жасыл" бизнес-технология бойынша оқытудан өтті

1499

Елімізде 4 мыңға жуық адам "жасыл" бизнес-технология бойынша оқытудан өтті

Қазақстанда 4 мыңға жуық адам "жасыл" бизнес-технология бойынша оқытудан өтті, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы" ЗТБ басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова.

Еліміз жасыл экономикаға өту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуде төрт негізгі бағыт бойынша ұйымдастыру үшін коалиция өткен жылы әріптестерімен бірлесіп 2017 жылға арналған 25 жоба әзірлеп, оларды іске асыра бастады.

"Бірінші бағыт – жасыл экономиканың тәжірибе жинақтау мен оларды беруге арналған таныстырылым алаңдарын құру.Бұлар – "Арнасай" жасыл технологиялар орталығы, "Жасыл технологиялардың халықтық академиясы" БТО, 6 облыстағы жасыл технологиялар орталықтары, Ақмола облысы Аршалы ауданының ауылдарындағы ауыл кооперативтері", – деді ол.

Біздің "зәкірлі" жобаларымыздың бірі "Арнасай" жасыл технологиялар орталығын құру болып табылады, оның жанындағы "Жасыл технологиялардың халықтық академиясы" БТО жасыл бизнес-практикалар мен технологияларға оқытумен айналысатын болады.

Оның айтуынша,  бүгінгі күні "Арнасай" ЖТО-да 35 жасыл технология орнатылған және 2016 жылы шамамен 4 мың қазақстандық оқытудан өтті.

"ЖТО-ның коммуналдық төлемдеріне ақы төлеуге жұмсалатын қаражатты 1,5 млн теңгеге үнемдеуге қол жеткізілді. Ал, Вячеслав орта мектебінде жылуға, жарықтандыруға және суға жұмсалатын қаражаттың жылдық үнемделуі орта есеппен 3 млн теңгені құрап отыр", – деді ол.

Мектепте экологиялық білім берудің жаңа моделі әзірленіп, жылдар бойы сәтті енгізіліп келеді. Осының арқасында оқушылар мен педагогтер Мектеп пен оның аумағының жайласуы мысалындағы қолжетімді "жасыл" технологияларды игеруде, отбасылар мен оқушылардың ата-аналары арқылы "жасыл" білімді таратып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу