Елімізде 40 мемлекеттік қызмет проактивті түрде көрсетіледі

503

15 мемлекеттік қызмет түрі сыртқы платформаларға шығарылған. 

Елімізде 40 мемлекеттік қызмет проактивті түрде көрсетіледі Фото: Егемен Қазақстан

Қазіргі таңда 40 мемлекеттік қызмет проактивті түрде көрсетіледі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, министрліктің жұмысы мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру, байланыс саласын, ақпараттық технологиялар мен инновацияларды және ғарыш саласын дамыту секілді стратегиялық бағыттарды қамтиды.

"Азаматтар үшін проактивті форматқа адам қажеттілігіне бағытталған қызметтерді енгізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 40 мемлекеттік қызмет проактивті түрде көрсетіледі. 15 мемлекеттік қызмет сыртқы платформаларға шығарылды, 20 цифрлық құжат 7,5 млн рет қолданылды", - деді ол.

Министрдің сөзінше, осы жобалардың арқасында Қазақстан БҰҰ электрондық үкіметтің даму индексі бойынша 28-орынды иеленді. Ал, цифрлық қызметтер субиндексі бойынша 8-орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу