Елімізде 400-ге жуық адам карантинге жатқызылған

1163

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Елімізде 400-ге жуық адам карантинге жатқызылған

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 2020 жылдың 6 қаңтары  мен 4 наурызы аралығында Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайлар, теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттерден келген 32 456 адамды қарап-тексерген. Нәтижесінде 391 адам емханаларға стационарлық ем қабылдауға жатқызылса, 601 адам  тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылауға алынды. 

Бұдан бөлек 60 адам дене қызуы көтеріліп, ЖРВИ-мен емханаларға жатқызылып, оның 18-і үйге шығарылған.

ДСМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, карантиндегілердің сынамалары қосымша бақылау үшін Алматыдағы Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілген. 

Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара қызметінің деректері бойынша биылғы жылдың 1 ақпаны мен 4 наурызы аралығында елімізге мемлекеттік шекаралар арқылы 1 736 462 адам, оның ішінде ЕАЭО елдерінен 992 623 адам келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу