Елімізде 400-ге жуық дипломат сирек кездесетін тілдерді біледі

234

Сирек тілдер тізіміне 23 тіл енген.

Елімізде 400-ге жуық дипломат сирек кездесетін тілдерді біледі Фото: shoes-web.ru

Қазақстанда 373 дипломат сирек кездесетін тілдерді меңгерген. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенаттың жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы заңда сирек кездесетін шет тілдерін білген үшін төлемдер енгізу, қызметкерлердің өкілдік құрал-жабдықтарының құнын жыл сайын төлеу көзделіп отыр",  дей келе Сенатор Сәкен Арубаев  канша дипломатиялық қызметкер сирек кездесетін шет тілдерін білетінін, өкілдік жабдықтау бойынша төлем механизмі қалай өзгеретінін сұрады.

Бұл сауалға Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев жауап берді.

"Бүгінгі таңда Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында сирек кездесетін тілдерді білетін 139 адам болса, біздің шетел мемлекеттеріндегі өкілдіктерімізде ондай дипломаттардың саны 234 адам. Бұл сирек тілдер тізімі Сыртқы істер министрінің бұйрығымен бекітіледі. Қазір ол тізімге 23 тіл еніп отыр. Өкілдік керек-жарақтарының төлемі бойынша айтсақ, бүгінгі нормаға сәйкес бұл төлемдерді тек дипломаттар ғана алатын. Енді жаңа заң қабылданғаннан кейін бұл төлемдерді әкімшілік қызметкерлер де ала алады. Бұл негізінен министрдің арнайы бұйрығымен бекітілген жүйе. Жыл сайын дипломаттар және әкімшілік қызметкерлер бір рет ақшалай көмек алып, бухгалтерияға міндетті түрде есеп беру керек. Бұл төлемдер жыл сайын қайталанады", – деді СІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу