Елімізде 41,7 мың адам коронавирустан емделіп жатыр

793

Қазақстанда 41 711 адам коронавирус індетінен емделіп жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.  

Елімізде 41,7 мың адам коронавирустан емделіп жатыр

25 сәуірдегі мәлімет бойынша, 41 711 адам коронавирус инфекциясынан (41 203 КВИ+ және 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 827 пациент стационарда, 26 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 716 адамның жағдайы ауыр;

• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

23 сәуірдегі мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияға қатысты 86 жаңа жағдай тіркелді, 3 науқас көз жұмды. 85 адам жазылып шықты. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап науқастар саны – 52 434, 771 адам өлімі тіркелді, барлығы 51 155 адам сауығып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу