Елімізде 42 436 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

712

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 мамырдағы ақпарат.  

Елімізде 42 436 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр

Елімізде 42 436 адам коронавирус инфекциясынан (41 965 КВИ+ және 471 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 551 пациент стационарда, 27 885 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қасілтеме жасап.

"КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында 782 адамның жағдайы ауыр, 188 пациенттің жағдайы өте ауыр, 115 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке тоқталсақ, 5 мамырдағы мәлімет бойынша 101 жаңа жағдай тіркелген, 6 жағдай өліммен аяқталып, 85 адам жазылып шыққан.

"2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 53 400, өлім жағдайлары – 829, барлығы 52 100 адам сауығып шықты",– деп жазылған ВАК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу