Елімізде 43 градусқа дейін аяз болады

511

Синоптиктер 29 қараша-1 желтоқсанға аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbuisness.kz.  

Елімізде 43 градусқа дейін аяз болады Фото: zakon.kz

Болжам бойынша 29-30 қарашада еліміздің шығыс облыстарында аязды ауа райы сақталады, ал қалған облыстарда аяздың төмендеуі күтіледі.

"30 қараша-1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның күшеюі күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын жел күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Сондай-ақ синоптиктер түнде ауа температурасы қандай болатынын болжады.

Болжамға сәйкес республиканың батысында -5, -15 градус аяз, солтүстік-батыста -10, -28 градус аяз, солтүстік облыстарда -15, -25 градусқа дейін аяз, ал республиканың орталығында -5, -20 градусқа дейін аяз, елдің шығысында 33-43 градусқа дейін төмендеп, аяз күтіледі.

Бұл ретте ауа температурасы республиканың шығысында -20, -30 градусқа дейін төмендейді,  оңтүстікте -7, -3 градус аяз, оңтүстік-шығыста -5, -15 градусқа дейін жетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу