Елімізде 443 мыңға жуық адам жұмыссыз

1075

Бүгінде республика бойынша ресми жұмыс істейтіндердің саны 8,8 млн адам болса, олардың 6,7 млн-ы жалдамалы еңбек етеді.

Елімізде 443 мыңға жуық адам жұмыссыз

Елімізде екі қолға бір күрек таппай, жұмыссыз жүргендердің саны 443 мыңға жуық адамға жетті. Бұл көрсеткіш республикадағы жалпы жұмыс күшінің 4,8 пайызын құрайды.

Статистика комитетінің хабарлауынша, өткен айда жұмыспен қамту органдарында шамамен 160 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Бұл – экономикалық тұрғыда белсенді халықтың 1,8 пайызы. Ал, жасырын жұмыссыздық деңгейі биылғы жылдың I-тоқсанында жұмыс күші санының 0,3 пайызына тең болды. Бұл шамамен – 31 мың адам.

Айта кетейін, бүгінде республика бойынша ресми жұмыс істейтіндердің саны 8,8 млн адам болса, олардың 6,7 млн-ы жалдамалы еңбек етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу